«111» жедел желісіне облыс бойынша 35 өтініш түскен
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы негізінде 2023 жылдың қазан айында отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында «111» байланыс орталығы өз жұмысын бастады. Жедел желі мамандары өмірлік қиындыққа тап болған әйелдер мен балаларға тәулік бойы кеңес беріп, көмек көрсетеді. Жыл басталғалы Абай облысынан байланыс орталығына 35 өтініш түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Толығырақ сюжетте.