Жас мамандарды қолдау
Тәуелсіздік жылдарында елімізде жастардың кәсіби тұрғыдан қалыптасуына және жұмысқа орналасуына жаңа мүмкіндіктер жасалып келеді. Осындай қолдау шараларының бірі – «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы. Түлектерге алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға, қажетті дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Өйткені жас мамандарды қолдау – елдің кадрлық әлеуеті үшін қажет.