Энергетикалық сусындарға тыйым салу: Қазақстандағы жаңа бастама
Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды Республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұсынып отыр. Қоғам белсенділері мұндай өнімдерді өндіруді, коммерциялық мақсатта елге әкелуді және сатуды тоқтатуды талап етуде. Тиісті петиция порталда жарияланды. Бастама авторлары қолданыстағы шектеулер жеткіліксіз деп есептейді. Ал қала тұрғындары бұл ұсынысқа қалай қарайды?