АИТВ жұқтыру көрсеткіші төмендеді
Абай облысында АИТВ-инфекциясын ерте диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері талқыланды. Семей медицина университетінің базасында ауқымды форум өтіп, оған инфекционист пен онкологтардан бастап интерн дәрігерлерге дейін екі жүз елуден астам маман жиналды. Басты міндет – кез келген бейіндегі медицина қызметкерлерін аурудың жасырын белгілерін уақытылы анықтауға үйрету.