Егде жастағы адамдарды қолдау аға буынның өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі. Соның бір мысалын бүгін Семей қаласының № 3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан көрдік.
Бүгінде орталықта ерекше атмосфера. Қариялардың көңілін көтеріп, шығармашылыққа шабыттандыратын сахна ашылды. Өздері бас қосқанда жаңа қырларынан танылып, рухани азық алатын алаңның пайда болғаны көпшілікті қуантты. Ашылу құрметіне мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, соңы мерекеге ұласты.
СЕРІК ЖҰМАДІЛОВ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Өздеріңіз білесіздер, қаламызда осындай белсенді ұзақ ғұмыр орталықтары 4 жұмыс атқарып отыр, яғни бұл біздің үлкен қарияларымыз, ата-әпкелеріміздің күнделікті күндерін сәтті және пайдалы денсаулықтарына, сол шеңберде бағытталғын. Әрдайым, біздің жергілікті атқарышу органнан біздің үлкен кісілерімізге жәрдем көмектері беріліп отырады.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында барлық жағдай бар. Тегін тамақтану, мәдени және шығармашылық үйірмелер, ең бастысы қамқорлық. Мұның бәрі үлкен адамдарды өздерін қоғамда белсенді сезінуге көмектеседі.
ДАРИҒА АБАЙҚЫЗЫ №3 АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл біздің ең бірінші мақсаты біздің ардагерлерімізді, аға буын ағаларымыз, әкелеріміздің денсаулығы мықты болу үшін жасалынып отыр. Ол кісілер еңбегіңнің зейнетін көретін кезде жақсы демалу керек. Жақсы көңіл күйде болу керек. Өйткені әрбір адамның жақсы көңіл күйі болса ұзақ өмір сүреді. Сондай мақсатта осы сахнаны ашуға жөн көрдік. Қазір бізде өлең айтатын апаларымыз, аталарымыз бар.
Орталықта қызмет алушылардың бірі Серік Жансұлтанов. Үлкен адамдарға осылай көңіл бөлінуі қоғамнан жырақтап қалмай, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді, - дейді.
СЕРІК ЖАНСҰЛТАНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бұл мекемеде бізге барлық жағдай жасалған. Бұнда тамақ тегін беріледі. Басқа да қызметтер көрсетіледі. Ең бастысы үлкен адамдарға арналған әр түрлі кружоктар бар. Домбыра, сурет салуға тағы да белсенді өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Жуырда Абайдың 180 ж орай осы мекемеге жап жаңа газель көлігін сыйлаған. Бағана бізді де алып келді Жаңасеме филиалынан. Өте тамаша жасалған.
Мұндай орталықтар еңбек жолдарын елді дамытуға жұмсап, қазірде еңбектерінің зейнетін көріп жүрген қарияларға көңіл бөлуге арналған. Олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір сүруіне жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қариясы бар ел-қазыналы ел.
МАЛИКА МҰХТАРОВА