Электр энергиясын жеткізу – инфрақұрылым дамуының басты бағыттарының бірі. Өндірістің өркендеуі де, халықтың тұрмыс сапасы да желілердің тұрақты жұмысына тікелей байланысты. Семейде БАҚ өкілдеріне баспасөз-туры ұйымдастырылып, мамандар жергілікті қосалқы станцияның жұмысымен таныстырды.

 «ВостокЭнерджи» ЖШС табиғи монополия субъектілерінің тізіміне енгізілген. Негізгі қызметі – электр энергиясын жеткізу мен тарату. Компания аймақтағы ірі өндіріс орындарын, соның ішінде кондитер фабрикасын да электр қуатымен қамтып отыр. Қызмет көрсететін желілердің ұзындығы – 23 шақырым, жалпы қуаты – 30 мегаватт.

ТОҚТАБОЛАТ ҚҰНАФИН – «ВОСТОКЭНЕРДЖИ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Подстанция салынғаннан бері автоматическая система технологического управления деген ,соған инвестиция жасап, қосқан болатынбыз. 5 жыл бұрын.Ол қазіргі заманға сәйкес технологиясы жоғары ішіндегі құралдармен жұмыс жасау үшін құрал жаңадан шыққан. Соны жұмысшылар өз орнында отырып, ішіне бармай, сыртынан бәрін көріп, сыртынан бәрін қосып, өшіріп режимдерін сақтап ұстап алады. 2 жыл бұрын автоматическая система коммерческого учета қосқанбыз. Электроэнергетика заңы бойынша. Ол дегеніміз сағат сайын алып отырған қуатымызды, есептеп Ұлттық оператор KEGOC –қа жіберіп отырады. Олар сүйтіп бізді бақылап отырады.

Бір жылдың ішінде 55 мың киловатт-сағаттан астам энергия таратылды. Өткен жылы компания инвестициялық бағдарлама аясында бірқатар жобаларды іске асырды. Соның ішінде электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді.

МЕЙР МӘДИЕВ-АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Тарифі қазіргі таңда 2 теңге 11 тиын болып бекітілген біздің департаментпен. Сонымен қатар инвестициялық бағдарлама жыл сайын 5 жылға бекіткенбіз. Биыл 25 жылда инвестбағдарламасын бұл мекеме толық орындады. Бұл жерде электр линиясында капитальный ремонт жасалды. Оның қаражаты 3 млн 900 мың теңгеге дуық болды. Биылға инвестбағдарлама толығымен орындалды.

Электр желілерін жөндеуге шамамен 3 миллион 900 мың теңге бөлініп, биылғы жоспар толық көлемде орындалды.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА