Жаңа көпір үстінде күтпеген жағдай орын алды. Ер адам көпірдің пилонына шығып, өз өміріне ғана емес, қоғамдық тәртіпке де қауіп төндірді. Оның қандай талап қойғанын біздің тілшілер анықтап көрді.
Оқиға 21 тамыз күні болған. 40 жастағы азаматтың көпірдің үстіне өрмелеп шыққанын көрген тұрғындар бірден төтенше қызметке хабар берген. Арада көп уақыт өтпей оқиға орнына полицейлер, құтқарушылар, жедел жәрдем бригадасы және жергілікті билік өкілдері келді. Қауіптің алдын алу үшін психолог та шақырылды. Телефон арқылы жүргізілген келіссөзден кейін ер адам «суши» әкелінсе ғана жерге түсуге келіскен.
Мамандардың үйлесімді әрекетінің арқасында ол ақыры өз еркімен төмен түсті. Кейін полиция қызметкерлері оны ұстап, мас адамдарға арналған арнайы мекемеге жеткізді.
АЙДАНА ҚОЗЫБАЕВА- ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Полиция қызметкерлері оны ұстап алып, адамдарды мас күйінде ұстауға арналған мамандандырылған медициналық мекемеге жеткізді. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жақын арада материалдар сотқа жіберіледі.
Бір адамның әрекеті салдарынан бірнеше сағат бойы полиция, құтқару және медициналық қызмет тек осы жағдаймен айналысуға мәжбүр болды.
АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА