АЙМАҚ БАСШЫСЫ БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданы тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлар туралы есеп берді. Аймақ басшысы өз сөзінде облысымыздың барлық аудандарын аралап, шалғай ауылдар мен бұрынғы аудан орталықтарының жағдайымен танысқанын атап өтті. Сондай-ақ елді-мекендердің инфрақұрылымын жетілдіру, халықты сапалы жол, ауыз су және медициналық қызметпен қамтамасыз ету, тозығы жеткен бiлiм мен мәдениет нысандарын жаңарту мәселелері басты назарда екенін айтты.

Сапар барысында облыс әкімі Бесқарағай ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша да қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар таза ауыз су, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және спорт нысандарын салу мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, тұрғындар Кривинка, Мостик ауылдарында су құбырын салуға, Канонерка және Белокаменка ауылдары бағытындағы аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге, Долон, Канонерка ауылдарындағы көшелерді жарықтандыруға қатысты айтты. Облыс әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жеке бақылауына алып, саланың жауапты басшыларына сұрақтарды кезең-кезеңімен шешуді жүктеді. Бүгінгі таңда Глуховка, Жыланды, Мостик, Баскөл және т.б. елді мекендерде ауыз су желілерін жаңарту бойынша жобалар іске асырылуда. Аудан бойынша тозу деңгейі 77,7% болатын 39 шақырым су құбыры желілерін ауыстыруға 5,1 млрд теңге қарастырылған.

БЕРІК УӘЛИ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауыз су мәселесін шешеміз ----- келісімшарт жасалып жатыр 00:10 +++ 01:16 Кривинка ауылы қосымша бөлінген қаражаттың есебінен кіріп отыр. Біз бұл мәселені білеміз. Шешіледі.

Бесқарағай – тоғыз жолдың торабында орналасқан үлкен аграрлық, туристік әлеуеті мол аудан. Аудан "Омбы-Майқапшағай" тас жолының бойында орналасқан. Жол жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 974,7 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, ауданда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 30 отбасы үшін тұрғын үй құрылысы жүруде.

Бозтал ауылы тұрғындарының атынан келіп отырмын сізге. Жылда көктемде, күзде жол болмай қалады ауылға. Батпақ, жаңбырдан. Көктемде су келгенде де.

БЕРІК УӘЛИ –АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Щебенкамен бастапқы кезеңде халық қатынау үшін жағдай жасау керек. Өздеріңіздің күштеріңізбен. Техника бар. Спонсор тарту керек. Сол щебенкадан жол жасап, ары қарай республикалық бюджетке өтінім береміз. Соның есебінен шешетін боламыз.

Ауданға жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болды. Спорт мектебінің ғимараты 1978 жылы салынған. Қазіргі уақытта 10 адам жұмыс істейді. 82 бала еркін және қазақ күресімен айналысады. Нысан салынғалы күрделі жөндеу көрмеген. Тек мекеменің күшімен жеңіл-желпі жөндеу жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта ғимарат толық жөндеуді қажет етеді. Жылыту жүйесін жаңартып, ескі терезелерді, сондай-ақ сантехникалық және электр жүйелерін толығымен ауыстыру қажет. Осы мақсатта жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Өңір басшысы ғимаратты толық жаңғырту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Берік Уәли «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының Канонерка филиалындағы орман тұқымы кешенінің жұмысымен танысты. Осы көктемде себілген қарағай тұқымынан алғашқы егістікте 1 жарым млн көшет алынды. Ал 2-ші егістікте 1 жарым млны егілді. 10-12 аптадан кейін көшеттер ашық далаға шығарылып, одан әрі өсіріледі. Күзде бұл көшеттер орманды алқаптарға отырғызылады. Жабық тамыр жүйесі тамырларға зиян келтірмейді, оны отырғызу кезінде көшеттің өмір сүру деңгейін арттырады.

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АҚКӨЛ МЕШІТІНЕ БАРДЫ

Аймақ басшысы аудандағы тарихы терең Ақкөл мешітіне де арнайы атбасын бұрды. Мешітті жергілікті көпес Сұлтан қажы Фазылбеков салған. Бұрын мешіт ғимаратында бастауыш мектеп, кітапхана мен ауылдық клуб болған.2023 жылы мешіт демеушілер мен жергілікті тұрғындардың қолдауымен жөнделді.

ЖАН ӘЛЖАНОВ – БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бесқарағай ауданының көне жәдігері саналатын Ақкөл мешітіне келіп тұрмыз. Ақкөл мешіті 1905 жылдан басталып, 1907 жылы құрылыс жұмыстары аяқталды. Көне жәдігер ретінде облыс әкіміне таныстырып, қысқы мезгілде жылыту мәселесін көтеріп отырмыз. Алдағы уақытта бұл мәселе өз шешімін табады деген сенімдеміз.

120 жылдан астам тарихы бар мешітті аралап көрген әкім келушілер үшін қолайлы жағдай жасау және ғимаратпен кеңінен танысу мақсатында жол бойында арнайы нұсқаулық белгісін орнату қажеттігін айтты.

ШИПАЖАЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бұдан кейін облыс әкімі 2022 жылы ашылған шипажайға барды. Ол Семей қаласынан 15 шақырым жерде Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Шипажай басшысы саяжай массивін Бесқарағай ауданының балансына беру туралы мәселе көтеріп, осы бағытта тиісті шешім қабылдауға қолдау көрсетуді сұрады.

ДАРХАН ҚАЖИЕВ – ШИПАЖАЙ БАСШЫСЫ
Жол, электр желісі деген проблемаларымыз бар еді. Соның бәрін естіп, шешуге көмектесемін, еңбек адамдарына қол ұшын созамын деп, соны естіп көңіліміз бір марқайып қалды. Алдыда бұны тағы да көркейтеміз, орындарды ұлғайтамыз деген жоспарымыз бар. Әкім үкіметтен қолдау береміз деп жатыр, ол тіпті жақсы.

Шипажайға Америка, Канада, Италия елдерінен де келіп, сауығып кеткендер көп. Бір қызығы келушілер арасында осы маңда жүрген 4 елікке қатысты сенім тараған. Олар еліктерді көруді жақсылықтың белгісіне балайды.


Ермек Исабаев