Алдағы жылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр? Тозған жылу желілілері қашан ауыстырылып бітеді? Бүгін аймақ басшысымен бірге таңғы 7-ден бастап шаһар аралаған Ерзат Жанатұлы осы мәселелерге жауап іздеді.
Жамақаев пен Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысында қазір қарбалас. Аймақтың басшысы мұндағы жылу желісін қайта жаңартудың жайымен танысты. Жұмыстың 77 пайызы орындалған. Енді шаһардың орталығында жылу беру анағұрлым жақсарады. Жылу желілерінің тозу деңгейі 1,4 пайызға төмендейді.
СЕРІК ТӨЛЕНБЕРГЕНОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қала бойынша 5 проект бізде. Енді бүгінгі таңда жұмыс өте жақсы істелініп жатыр. Қосымша да енді қаржы бөлініп, тағыда күрделі бір объект қосылады. Уақытымен аяқтаймыз.
Қала тұрғындарының қаперіне. Қоғамдық кеңістікті мердігер мекеме қайта қалпына келтіреді. Еңбек еш, қаржы зая кетпесін деп, жылу желісін демалыс орнынының барынша жанынан жүргізген.
Енді қайтадан дұрыстап отырып, қайтадан қалпына келтірсек, абанттандыру жұмыстарын.
Семейде биыл 35 аула абаттандырылады. Соның бірі - Засядко көшесі, 88 мекенжайындағы мына аула. Шаһардың орталығы болған соң, бұл аумақтың көрікті болғаны ләзім. Аулада ойын алаңдары орнатылған. Ескі, тозған темір-терсектің бәрі алынған. Ендігі мәселе - жекенің иелігіндегі гараждарда болып тұр. Бұл бағытта қала әкімдігі қарап отырған жоқ. Қарекет қылуда.
БЕКЖАН БАПЫШЕВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Бізде Семей қаласы бойынша аула аумақтарында темір гараждар өте көп. Сол бойынша бүгінгі күні тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Яғни, жаңағы гараждардың орын алып тұрған жерлерін толығымен асфальттап, өздеріне автотұрақтар ұйымдастырғанға немесе абаттандырып бергенге, отыратын, ыңғайлы қоғамдық кеңістіктер абаттандырғанға толығымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сол бойынша тұрғындар жағынан, тарапынан бізге кішкене кері байланыс қажет болып жатыр.
Облыс бойынша алдағы жылу маусымына дайындық қарқынды. Сол жағалаудағы №1 жылу электр орталығында да қазір ағымдағы жөндеу жұмыстары жүруде.
СЕРІК ТӨЛЕНБЕРГЕНОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
ТЭЦ 1-де «Азия Энерго Промонтаж» мердігер 3 котёлын ремонт жасап, осы енді, график бойынша 30-тамызға дейін бітіру керек.
Әуезов даңғылы ет комбинатына келгенде тұйықталып қалады. Жоламан кенті арқылы жүретін жол тар болғандықтан Алматы, Өскемен бағытына шығуда, қалаға кіруде қазір көлік кептелісі орын алуда. Қайтпек керек? Ет комбинатының мына бір тұсын ашу жағы облыс әкіміне ұсынылды.
БЕКЖАН БАПЫШЕВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Бұл жолды бүгінгі күні, жаңа аймақ басшысына, Берік Уәлиұлына ұсыныс жасадық. Осы ет комбинатының аумағын, бір жақ шетінен қиып алып, Алматы жолына шығарып жіберуге, түзуінен. Тік шығатын болатын болса, бұл жол ертеңгі күні тұрғындарға да, біздің қалаға келген қонақтарына да өте ыңғайлы болатын болады. Бұл жол тікелей шығып кететін болса. Бүгінгі күні біз Титова көшесімен, айналма жолмен жүріп жүрміз. Оның өзінде көлік кептелісі байқалады.
Облыс әкімі сондай-ақ әскери госпитальдағы күрделі жөндеу жұмысын көрді. Мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ