Ата заңымыздың этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтаудағы орны ерекше. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Абай облысы Қоғамдық келісім орталығы – Достық үйінде дөңгелек үстел өтті.
Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары толық жүзеге асырылып отыр. Қазақстанның полиэтностық кеңістігінде сенім мен өзара түсіністік үлгісі қалыптасқан.
САЙРА НҮСІПБАЕВА- ҚХА ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, «SEMEI» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ
Ата заңымыздың 30 жылдығы- еліміздің басты құжатының кезекті белесін атап өтіп қана қоймай, сонымен бірге болашақ мақсаттарға көз салатын уақыт. Әрбір азматтың конституциялық қағидаттарды сақтауы мен саналы түрде түсінуі маңызды. Тәуелсіз Қазақстаннның қоғамдық-саяси тұрақтылығы, этносаралық татулықты сақтау мен дамытудағы жетістіктері мен тәжірибесі жоғары. Оның барлығы этносаралық келісім ментұрақтылықты қамтамасыз етудегі Ата заңымыздығ рөлі жоғары екендігі көрсетеді.
Жиында этносаралық бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған жаңа бастамалар да таныстырылды. Солардың бірі – этножурналистика саласында өтетін «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауы. Байқау этносаралық келісім тақырыбын кеңінен насихаттауды көздейді.
АЙЫМ РЫСБЕК- АБАЙ ОБЛЫСЫ ҚХА МҮШЕСІ
Байқауға қатысу мүмкіндігі өте кең. Өз еңбектерін кәсіби журналистер, телеоператорлар, студенттер, блогерлер, сондай-ақ видеоконтент жасаумен айналысатын кез келген азамат ұсына алады. Материалдар қазақ немесе орыс тілінде дайындалып, әлеуметтік желілерде, интернет порталдарда немесе телеарналарда жариялануы тиіс. Әр қатысушы тек бір ғана өтінім береді, бірақ сол өтінім аясында бірнеше материал ұсынуға құқылы.
Байқаудың қорытындысы жылдың соңында шығарылып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама шығармашылық әлеуетті арттырып қана қоймай, ел бірлігі мен татулығын дәріптеуге де зор мүмкіндік бермек.
АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА