Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірінде жалғасуда. Осы игі шара аясында Мақаншы ауданында да ауқымды сенбілік өтті. Алакөл жағалауында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына 150-ге жуық адам мен бірнеше мекеме өкілдері қатысып, көлдің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосты.

Алакөлде биылғы демалыс маусымы аяқталуға жақын. Жаз бойы мыңдаған турист қабылдаған жағалауда қазір демалушылардан кейін қалған қоқыс көзге түседі. Осы аумақты тазартуға 150-ге жуық адам жиналды. Олардың қатарында 7 ұйым мен мекеме өкілдері бар. Жұмысқа 2 техника тартылып, 7,5 тонна тұрмыстық қатты қалдық арнайы полигонға жеткізілді.

ЕРАСЫЛ ДИКАМБАЕВ- «ҚҰРМАНБАЙ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Алакөлімздің емдік қасиетін түсінген туристердің көбіне байланысты сіздер білесіздер қоқыс мәселесі де өте ауқымды. Сол себепті біз демалу маусымының басынан бастап 2 ауысымда жұмыс жасаудамыз.Таңғы сағат 4:30-5:00 басталады, содан кешкі сағат 16:00 дейін 1 ауысым, кешкі 16:00-ден таңғы 4-ке дйін 2-ші ауысым жұмыс істейді. Бізде қазір 25 адам жұмыс жүргізі жатыр осы жерде, 2 мусоровоз, одан кейін трактор техникасы бар, жеңіл жүк көлігі бар, ол жолдық бойындағы жиналған мөшек қабтарды қоқыс алаңына тасуға арналған.

Жергілікті тұрғындар да сенбіліктен шет қалмады. Олардың арасында 57 жастағы Серік Шаяхметовті ерекше атап өткен жөн. Ол мұндай экологиялық акцияларға жиі қатысып, туған жердің тазалығына үлес қосып жүр.

 СЕРІК ШАЯХМЕТОВ- МАҚАНШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Алакөл жалғыз Мақаншы ауданының ғана емес бүкіл республикамызға белгілі қасиетті көл. Оған жалғыз біздің республикадан, облыстан келмейді, Ресейден, жан-жақтан келіп жатқандықтан көлімідің таза болуы бәрімізге үлкен жауапкерлішік жүктейді. Сондықтан біз осы Алакөлді биылғы маусым ашыларында тағы да келіп осы Таза Қазақстан акциясы аясында тазалғанбыз, енді міне жабылуына байланысты, тағы келіп өзіміздің қолымыздан келгенше іс-шаралар өткізіп, соған белсенді атсалысып жатырмыз.

Жалпы аудан бойынша «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындар белсене қатысып келеді. Бұл сәуір айынан бері Мақаншы ауданында ұйымдастырылған 27-ші сенбілік. Осы уақыт аралығында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылған, оның ішінде 100 тоннасы Алакөл жағалауынан әкетілген. Бұл демалушылардың арасында орта тазалығына бей жай қарайтындардың аз емес екенін айғақтайды. Тонналаған қоқыс осыны білдіреді.

РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ- МАҚАНШЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
27 сенбіліктің ішінде шамамен 300-ден аса тонна қоқыс шығарылды, соның 100 тоннадан артығы осы Алакөл жағалауынан шығарылды. Осы Таза Қазақстан акциясында шамамаен 150-ден астам адам қатысып, сонымен бірге осы Алакөл жағалауының демалыс базаларының иелеріне хабарлама жолданды және Таза Қазақстан акциясы аясында өзіне тиесілі аумағын тазалау туралы ұсыныстар берілді. Кәсіпкерлер аталған шараға белсене атсалысып қазіргі таңда өздеріне тиесілі аумақты тазалауда.

 «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да жалғасын табады. Жоспар бойынша шара ауданның шалғай ауылдарын да қамтып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталмақ.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА