Семейге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков келді. Депутат қаламызға жасаған жұмыс сапары аясында бірнеше нысанда болып, олардың бүгінгі аяқ алысымен танысты. Сондай-ақ, жұмысшылармен жүздесіп, олардың өтініш- ұсыныстарына құлақ түрді.
Депутаттар қазір демалыста. Аймақтарды аралап, өңірлердегі өзекті мәселелермен танысып жүр. Семейге жұмыс сапарымен келген мәжілісмен Олжас Құспеков атбасын тіреген «Семей құрылыс материалдары» ЖШС аймағымыздағы бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарын шығаратын зауыт. Түп тарихы 1965 жылы цемент зауытының шифер өндірісі цехы негізінде құрылып, бастау алған өндіріс орны қазір заман талабына сай қайта жарақтанып, сұранысқа сай өнім шығаруда. Облысымыздағы газдалған бетон шығарушы жалғыз зауытта осылар.
ЮРИЙ ДАВЫДОВ – «СЕМЕЙ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ» ЖШС КОММЕРЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
2024 жылы зауытымызда қайта жаңғырту жүргізілді. Нәтижесінде жылына 2 млн шаршы метр айналымы бар фиброцемент панельдерін өндіру желісі іске қосылды. Республикамызда бұл құрылыс материалы бізде ғана шығарылады. Нарықта кез-келген бәсекеге төтеп бере аламыз. Бұл материалмен ғимараттардың сыртын әрі қасбеттерін қаптауға болады.
Өндірісте 350 адам жұмыс істейді. Зауытта жергілікті тұтынушылар үшін шлакоблок, құм блок сынды материалдар, ал, шифер елімізден бөлек Тәжікстан, Қырғыстан, Ресей Федерациясына жөнелтіледі.
ЮРИЙ ДАВЫДОВ – «СЕМЕЙ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ» ЖШС КОММЕРЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Біз өнім көлемін ұлғайтқымыз келеді. Бір орында тоқтап қалмай, кішігірім құрылысы бар жеке тұлғалар үшін боялған сондай-ақ боялмаған шиферлер, ғимараттың сыртын қаптауға арналған сайдинг шығаруды ойластырудамыз. Ал, жалпы өнімдеріміз құрылыс нарығында үлкен сұранысқа ие.
Зауытты толық аралаған мәжіліс депутатымен әңгімелесу барысында өндіріс басшылығы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың бар екенін айтып, алғысын жеткізді. Ал, Олжас Құспеков болса Абай облысының қай салада болмасын болашағы зор екендігін атап өтті.
ОЛЖАС ҚҰСПЕКОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Аймақтың экономикалық даму потенциалы бар. Халықтың білімі де жетерлік, жұмыс істейтін адам да бар. Жергілікті атқарушы билік саясатын дұрыс жүргізсе, алдағы уақытта Абай облысы қарқынды дамитын аймақтардың қатарына қосылатын негізі бар. Алдағы уақытта бұл жерден теміржол ашайын деп жатыр Қытайға.Соның барлығы көлік-логистикалық, туризм мәселесі қатты дамуға негіз бар.
Депутаттың жұмыс сапары сол жағалаудағы № 5 өрт сөндіру мекемесінде де жалғасты. Бұл жерде ол өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 1982 жылдан бері халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан бөлімде 50 –ден аса өрт сөндіруші еңбек етеді. 8 арнайы техникалары бар. Одан бөлек, жыл сайын қажетті заманауи техникалар сатып алынып отырады.
Ермек Исабаев