ЕРТІС ЖАҒАСЫНДА КҮЙ ОЙНАДЫ

Домбыра – қазақ халқының рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың айнасы. Ұлттық аспаптың қадірін арттырып, жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Домбыра күніне орай жастар Ертіс жағасында күй тартты

Жас домбырашылар халқымыздың рухын көтеретін «Ер Тұран» күйін орындады. «Дана» балалар шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері осылай ерекше форматта табиғат аясында күй төгілтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мәдени шара жас буынның ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, төл өнерімізді ұлықтауға бағытталған. Балалардың аспапты меңгеруге деген ынтасы зор, дейді домбыра мұғалімі.

НӨКІСБАЙ ПРІМБЕТОВ-ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Тарихи күйлердің барін үйретеміз барін меңгеріп жатыр, сахнаны үйретеміз, қолдарын қойып .Кей балар айлап, жылдап үйренеді, кейбірі тез алып кетеді, бір күйді 2 апта-1 айда үйренеді.

Ашық аспан астындағы орындау көрермен үшін ерекше әсер сыйлады. Ата-аналар балаларының өнеріне сүйсінді. Немерелерін үйірмеге апарып жүрген әжелерге бұл тосын сый болды.

КҮЛШАТ КӘРІМЖАНОВА-АТА-АНА
Балам 6 ай ішінде 10 күй үйреніп алды. Басында ойлайтынмын, бос барып жүр ме деп, мұғалім 1,5 айдан соң домбыра алып бердім. Сосфн үйде тартып бергенде қуанғаннан көзіне жас шықты. Мұғалімдерге рахмет, еңбектеріне жеміс тілеймін» Қазағымның елінде, жерінде домбыра сыңғырлап ойнай берсін.

Ұлттық домбыра күні мерекеленгелі қос ішекті аспапты меңгеруге деген құлшыныс арта түскен.

АЯУЛЫМ НЫҒМЕТЖАНОВА- ЖАС КҮЙШІ
Осы жаққа келіп тағы біраз күй үйрендім. Оның ішіндке көңіл толөқыны, Ақққу, Адай, Ерке сылқым , Дайрабай көптеген күй үйрендім. Домбырада ойнаған үнаді содан кейін үйірмеге қатыстым.

Ертіс жағасындағы шара арқылы ұйымдастырушылар жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты, өнерге деген махаббатты сіңіруді көздейді.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА