Бүгінгі таңда бұл бағытта 33 жоба бар. Мамандардың айтуынша, олар 15 780 адамды орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта облыс бойынша таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 92,8% құрайды, ал Семей қаласында бұл 91,5% - ға тең. Айта кетейік, Семейде сумен жабдықтау бойынша Восход, Водный, Қызыл Кордон, зағиптар қоғамы, Березовский, Бобровка, Лодочный аудандары, Аягөз, Аэропорт, Алматы көшелері, сондай-ақ Смычкадан Восходқа дейінгі аумақты қамтитын 9 жоба іске асырылуда. Бұл жобаларға 1,4 млрд теңге бөлінді. Жұмыстарды аяқтау осы жылға жоспарланған.

ЖАНДОС ҚАЙЫРХАНОВ – ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
   Келісім шарттарға сәйкес, осы жылы бұйыртса, июнь, июль, август айларында осы жобаларды іске қосып, сумен қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар. Бүгінгі күнге осы қазір келіп тұрған жеріміз бұл Восход, Водный жобасы болады, бұл жерде осы жобаның негізгі құны 1 млрд 580 млн теңге болады, бұл жерде 4 300 адам тұрады. Осы уақытқа дейін, 1 млрд астам ақша, қаражат игерілген, биылғы жылға 4,70 млн шамасында қаражат қарастырылған, барлығы осы жобада 37 шақырымды құрайтын осы су құбырлар ұзындығы.

Сондай-ақ, сумен жабдықтау жұмыстары Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Аягөз, Үржар және Абай аудандарында жүргізілуде. Жұмыстар аяқталғаннан кейін Абай облысында ауыз сумен қамтамасыз ету 97,1% - ға дейін артады. Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысы м.а. айтуынша, 100% қамтуға қол жеткізу үшін келесі жылы тағы 13 жобаны іске қосу қажет болады. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленуде.

 ЖАНДОС ҚАЙЫРХАНОВ – ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Біз бюджеттік өтінімді өзіміздің орталық мемлекеттік органдарға бюджеттік өтінім беретін боламыз, бұл өтінімдер қабылданғаннан кейін, келесі жылға қаражат берілуі қарастырылса, келесі жылы жұмысты бастап, 25-жылдың соңына дейін аяқтасақпа деген жоспарымыз бар. Онда, осы бізде біразы аудандарда қалды, олардың бәрі жобалары бар, сондықтан, биылғы бастау алып жатқан біразы келесі жылға өтеді ғой, сондықтан, ең бастысы сұрақтың бірі осы Семейдің жобаларын әзірлеп, өтінімдерді өткізіп, қаражаттарын қарастырсақ, бәрін осы бекітілген, жоспарға сәйкес жүргізетін болсақ, 25 жылы 100% жеткіземіз деген жоспарымыз бар.

Водный және Восход шағын аудандарында магистральдық құбырларды төсеу және тұтынушыларға су құбырын жеткізумен айналысатын мердігерлік мекеме 80% жұмысты орындады. Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр.

ЕРЖАН ҚАЖИЕВ – МЕРДІГЕРЛІК МЕКЕМЕ ДИРЕКТОРЫ
Қазіргі уақытта біз Восход ауылында тұрмыз, жұмыс өте белсенді жүріп жатыр. Техника жұмыс істеуде, ол сумен жабдықтаумен, халыққа, тұтынушыға су құбырын тартумен айналысады.

Восход шағын ауданы тұрғындарының айтуынша, мұнда 30 жылдан астам ауыз су болған жоқ. Олар қазылған құдықтардан су ішіп отырды. Енді бұл мәселе назарға алынып, шешіле бастағанына қуанады. Жақын арада таза ауыз суға қол жеткізе алатынына тұрғындар дән риза.

ЖҰМАГҮЛ ЕРБАЛИНА – ВОСХОД ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мен бұл жерде шамамен 30 жылдан бері тұрамын. Біздің ауылдың үлкен мәселесі ауыз судың болмауы. Оны 2 жыл бұрын біз облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевқа жеткізген едік. Енді міне бізге су тарту жұмыстары аяқталуға жақын, бұл, әрине, барлық тұрғындарды өте қуантады. Біз қала басшылығына, су құбырын орнатумен айналысатын компанияға алғыс айтамыз.

Талай жылдар бойы суды күткен тұрғындар орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылатындықтарына өз ризашылықтарын дәл осылай білдіреді, өйткені көп ұзамай олардың үйлеріне су келеді.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА