Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың туғанына биыл 125 жыл. Академик өмірінің соңына дейін еліміздің геология, ғылыми, мәдени, тарихи салаларына өз үлесін қосып келді. Қаламызда қоғам қайраткерінің мерейтойына орай түрлі бағытта шаралар ұйымдастырылуда.
Қаныш Имантайұлы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. Деректерге сүйенсек, тау-кен саласына қызығушылығын оятқан профессор Михаил Усовтың қазақ жерінің байлығы, оның геологиялық жағдайы туралы айтқан әңгімелері екен. Институтты бітіргеннен кейін Қаныш Сәтбаев өзінің туған еліне оралып, өмірінің басым көпшілігін зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат негізін жасауға арнаған. Ғылыми ізденіcтерінің нәтижесін өндіріске енгізіп, еліміздегі зауыттарды салуға зор үлес қосты.
ОТАНТАЙ КӘРІБЖАНОВ – ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ
Өздеріңіз білесіздер Қазақтың тұңғыш тау-кен инженері ол Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Ол кісімен біз мақтанамыз. Ертеде соғыс жылдарында, 30 жылдарда Том қаласының арнайы білім алып тау кен инженері мамандығын игеріп, өз жеріне келіп үлкен шаруалар тындырды деп айта аламыз.
Қаныш Сәтбаев кең көлемді барлау жұмыстарына басшылық жасап, Жезқазған-Ұлытау, Қарсақпай, Қаратау полиметалл кендері жөнінде іргелі ғылыми еңбектер жазды. Минералды шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды. Қаныш Имантайұлының пайдалы кендердің болжам карталарын құрастырудың методологиялық теориялық негіздерін айқындауға қосқан үлесі зор.
МҰХАМЕТҚАЗЫ МҰХАМЕДИЕВ – ӨЛКЕТАНУШЫ, ЭТНОГРАФ
Қаныш Сәтбаев интитутты бітіргеннен кейін қазақ даласын тексеруге көшкен. Сонын ішінде әсіресе жер байлығы өзінің туған халықының ырысына дәулетіне еңбек ету үшін еңбектенді. Ең алғашқы бастаған жері мынау Жесқазған. Шығыстағы бүгінгі Риддер, Жарма ауданының төңірегінде болған ерте кезеңдерде ашылған шахталар Бөке, Сынтас сияқты рудниктерден бастай отырып, осының барлығын терең зерттеу жүргізген адам.
Қаныш Сәтбаев өңірімізбен тығыз байланысты. Қаламыздағы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде білім алған. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде академиктің өзі қолданған күміс қасығы сақтаулы.
ҚАЙРАТ САБЫРБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Қаныш Сәтбаевты танушы, біздің жергілікті қаламгеріміз Медеу Сәрсекеевті бүкіл жұртшылық біледі. Медеу Сәрсекеев арқылы біздің музей қорына келіп түскен жәдігерлеріміз бар. Оның бірі Қаныш Сәтбаевың өзі тұтынған ас қасығы, күміс қасығында Қаныш Сәтбаевтың есімі жазылған.
Қоғам қайраткерінің мерейтойына орай қаламызда танымдық шара ұйымдастырылды. Онда қаламыздың ғылымға, тарихқа қызығушылығы жоғары жастары мен өлкетанушы, этнограф, аға оқытушылары қатысты. Жиынды тарих және география кафедрасы ұйымдастырды.
ҚАЛАМҚАС БОЛАТОВА – ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Бүгін біздің апталықтың 4 күні. Осы апталық аясында елімізге, әлемге белгілі академик Қаныш Сәтбаевтың зерттеулерінің географиялық ғылым саласындағы маңыздылығы атты тақырыпта қалалық танымдық дөңгелек үстел өткізілуде. Бұл апталықтың мақсаты білім алушыларға тарих және география ғылымдары бойынша мәлімет беру, таныстыру. Ұлы тұлғаларымызды ұлықтау болып табылады.
Қаныш Имантайұлы Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы. Өңірімізге белгілі өлкетанушы, этнограф Мұхаметқазы Мұхамедиев жастарға Қаныш Сәтбаев ұстанған білім ұдайы үлгі болып қалатынын атап өтті.
МҰХАМЕТҚАЗЫ МҰХАМЕДИЕВ – ӨЛКЕТАНУШЫ, ЭТНОГРАФ
Ол дүние жүзіндегі әлемдік ғылым кеңістігінде метроллогиядан, жер асты геологиясын зерттеуден орасан зор теңдесіз еңбек еткен адам. Ол 40 жылға жуық Қазастан ғылым академиясын басқарған адам. Сондықтанда Қаныш Сәтбаевтың қазақ халқының төрінде, оның аспанында оның қосқан үлесі зор. Бүгінгі біздің жас ұрпақ ғылым қуатын болса, өнер қуатын болса Қаныш Сәтбаевтың білімімен сусындалуы керек.
Қаныш Сәтбаевтың халқына мұраға қалдырған қазынасы – іргесін өзі қалаған, ғылым ордасы, Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясы. Қаныш Имантайұлының тың зерттеулері ғылым мен өндірісті байланыстыруға, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге ықпалын тигізген.
АРУЖАН ТАУБЕКОВА