Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы "Қолданыстағы заңнама бойынша балалардың құқықтарын қорғау және сот процестеріне қатысатындар үшін адам құқықтарының халықаралық стандарттары" тақырыбында семинар өткізді. Кездесу барысында судьялар неке-отбасы дауларын қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын сотта қорғау тәжірибесі туралы баяндады.Толығырақ алдағысюжетте.

Елімізде ажырасулар жиілеп кетті. 25-40 жастағылар некесінің жартысына жуығы ажырасумен аяқталады және бұл отбасылардың көпшілігінде балалар бар екенін де ұмытпаған жөн. Ерлі-зайыптылардың ажырасуы балалар үшін стресс қана емес, сонымен қатар баланың психикасына зор нұқсан келтіреді. Осы орайда Абай облыстық сотының судьялары, прокурорлар, облыстың бала құқықтары жөніндегі уәкілдері, адвокаттар, кәсіби медиаторлар мен психологтар бірлесіп сот процестері, алимент төлеу, баланың тұрғылықты жерін анықтау мәселелері тақырыбында семинар өткізді

 РАУШАНГҮЛ БАЙЖҰМАНОВА АБАЙ ОБЛЫСЫ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ
Статистикаға сүйенетін болсақ, жаңа айттым ғой ажырасқаннан бастап дау туады деп. Былтырғы жылы 958 іс қаралып оның 595-і шешім шығарумен аяқтаып, оның ішінде , 4тен 1 бөлігі ғана медиация заңымен татуласумен аяқталған болса , былтыр 23 ші жылы 2669 іс қаралып, соның 2137 аяқталған екен. Екі есеге өсті. Бұл дегеніміз қазір қоғамда отбасыны сақтау өте қиын болып отыр

Өткен жылы өңірімізде алимент төлеуден жалтарған ата-аналарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 30-дан астам іс қаралды. Сонымен қатар, алимент төлеу кезінде жалақыны жасыру фактілері де анықталған. Егер келісімге келу мүмкін болмаса немесе тараптардың бірі алимент төлеуден өз еркімен бас тартса, онда сотқа арыз беріп, алиментті мәжбүрлеп өндіріп алуға болады. Ол үшін жауапқа тартылған азаматтың жұбайы тіркелген жері бойынша арыз жазып, сотқа жүгінуі қажет.

ҚАРЛЫҒАШ ҚАСЫМОВА АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Егер ата-ана алимент төлеуден жалтарса, үш айдан астам алимент төлемесе , онда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Егер қасақана жалтару болса, өндіріп алушы жеке сот орындаушысына, кейін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы құқық қорғау органдарына жүгінуі тиіс

Бұл іс-шараның маңызы өте зор, өйткені ана мен баланы қорғау, отбасы және жанұя құндылықтар институтын нығайту саласындағы мәселелерді арнайы мамандар мен ұйымдардың көмегінсіз шешу мүмкін емес. Іс-шара барысында қатысушылар "Неке-отбасы даулары кезіндегі қолданыстағы заңнама", "Отбасылық дауларды қарау кезінде балалардың мүдделерін қорғаудағы медиатордың рөлі", "Эмоция дағдыларын дамыту және олардың өмірдегі рөлі" тақырыптарында баяндамалар жасады.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА