Абай еліндегі спорт саласын өркендетуге үлес қосып жүрген жандардың бірі – Виталий Сопов. Ол - дзюдо және самбо күресінен жоғары дәрежедегі жаттықтырушы. Бейбіт елдің бақыты – бірлікте, дейді кейіпкеріміз. Бүгінде шәкірт тәрбиелеп жүрген бапкер көп көк өрімнің бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтуда. Ортақ отанымызды өркендетуге чемпиондар мен жеңімпаздар тәрбиелеу арқылы үлес қосамын деген Виталиймен әріптесім Ерзат Жанатұлы тілдесіп қайтты.
Кезекті жаттығу. Айла – тәсілдерді тәпсірлеп жатыр. Білгенін үйретуден жалыққан емес, Виталий Сопов. Ол Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 облыстық спорт мектебінде 12 жылдан бері балалар жаттықтырады. «Біздің еліміздің ең басты жетістігі – ортақ Отанымыздағы шынайы салтанат құрған этносаралық келісім, берік орныққан бейбітшілік пен тұрақтылық», дейді ол.
ВИТАЛИЙ СОПОВ, ДЗЮДО ЖӘНЕ САМБО КҮРЕСІНЕН ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Елімізде бөлмейміз. Шешенсің бе, қазақсың ба, орыссың ба. Біздің общий бәріміз қазақпыз. Бөлмейміз. Рассизм бізде жоқ. Каждый бала разница жоқ, қазақ болса, орыс болса, бәріміз как одна семья.
Виталий спорттағы жетістіктерді елдегі татулық пен тыныштықпен тікелей байланыстырады. Өйткені, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, этностары тату, сыйластықта ғұмыр кешкен ел ғана жетістікке жете алады.
ВИТАЛИЙ СОПОВ, ДЗЮДО ЖӘНЕ САМБО КҮРЕСІНЕН ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Біздің спорт дамып жатыр мына жақтан. Олимпиский видтар, национальный вид та развиватся етеді көбі. Қазір қазақ күресі например, мировой аренада, қанша спортсмен, қанша чемпион ми ра бар бізде.
Шәкірттері де бапкерге әбден бауыр басқан. Жарыста жеңіліп жатқан күннің өзінде, жұбатып, жанына жақын тартатын көрінеді. Жас спортшылар арасындағы сыйластыққа сызат түсірмеуге үйретіп отырады. Жаттығуда жүрген тәлімгерлері солай дейді.
ӘЛІШЕР КӘДІРБЕК, ШӘКІРТІ
Мен Виталий ағайға 4 класта келгенмін. 3 жыл болды қатысып жүргеніме.
МӨЛДІР ҚАНАТ, ШӘКІРТІ
Қазақстанның атын шығарып, осы еліміздегі біздің қызметіміз, осы біздің елімізге деген борышымыз туралы көптеген бізге ақыл үйретеді.
Шәкіртін бірлекке баулыған бапкердің биігі алда. Виталий Сопов осы күнге дейін бірқатар спортшының томағасын сыпырды. Баптаған ұл – қыздары республикалық, халықаралық ареналарда оза шауып жүр.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ