Марафоншылар да ұлы Абайдың тойына тарту жасады. Олар 7 тамыз күні Семей-Қарауылтөбе арасындағы 180 шақырымды бағындыруға жолға шықты. Абайдың жолымен жүруге бірқатар өңірлерден тіпті шет елдерден де жиыны 100-ден астам спортшы арнайы келген.

Желаяқтар жарысы трейлраннинг форматында. Спортшылар жарыс жолында өрлеу мен еңістер, тастар мен лайлы жолдарды кездестіруі мүмкін. Бұл жүгіру түрінің ерекшелігі де осы. Айта кетейік, дода екі түрлі жас санатында, яғни, 40 жасқа дейін және 40 жастан кейінгі қатысушылар арасында өтуде.

РАМАЗАН САТТАРҰЛЫ – "EL SPORT" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Желаяқтардың басым бөлігі осыған дейін 12,24 сағаттық немесе 150-200 шақырымдық марафондарда жүгірген тәжірибелі шеберлер. Демек, олар мына жүгірудің гроссмейстерлері.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 12 000 000 теңге. Сонымен қатар 6–10 орынға дейін ақшалай жүлде – 100 000 теңгеден беріледі. Абсолют жеңімпазға – JETOUR X50 автокөлігі табысталады. Бұл – қатысушылар үшін үлкен ынталандыру, әрі елімізде ультрамарафон сынды күрделі спорт түрінің дамуына серпін беретін ерекше сыйлық болмақ. Бәсі жоғары бәсекеге қатысып жақтан споршыларда ерекше дайындықпен келгенін атап өтті.

МЕҢДІБАЙ ТАЛҒАТБЕКҰЛЫ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ)
Мен ендің осы спортпен айналысқаныма 30 жыл. Меккеге де жүгіргем. Көптеген жарыстарға қатыстым. Жастарға үлгі болсын деп, Абай атамыздың 150 жылдығында 1900 шақырым жүгіріп келгенбіз кезінде. Міне осымен 3-ші мәрте қатысайн деп тұрмын.

Ультрамарафоншыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырушылар әр 10 шақырым сайын 17 тамақтану және қалпына келу пунктін әзірлеген. Сонымен қатар, спортшылар мәреге жеткен соң демалуларына барлық қажетті жағдайлар жасалған. Шамамен 19 сағатқа созылатын бұл марафонның жеңімпаздары бүгін, 8 тамыз Қарауылтөбеге жететін болады.