Ал «Ес-аймақ» рухани орталығында «Қаныш Сәтбаев» және «Абай» кітаптарының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері және оқырман қауым қатысты.

Қазақ руханияты мен ғылымының қос алыбына арналған маңызды еңбектерінің тұсаукесері өтті. Абайдың 3 томдық академиялық басылымы мен Қаныш Сәтбаевтың бес томдық шығармалар жинағы көпшілікке таныстырылды.

РАҚЫМҒАЛИ ҚҰЛ-МҰХАММЕД – «АТАМҰРА» КОРПОРАЦИЯСЫ ЖШС ПРЕЗИДЕНТІ
Бұл кітаптың ерекшелігі бұл кітапта ғалымдар шығармашылық сипаттамасына баға беріп, жан-жақты сүзгіден өткізіп зерттейді. Бірінші томында Абай атамыздың өлеңдері мен аудармасы қамтылған, екінші томында қара сөздерімен поэмалары және музыкалық мұрасы, музыкалық мұрасы дегенде тек қана ол кісінің әндерін, күйлерін ғана бере салмай, оны нотаға түсірген. Нотаға түсірген белгілі музыка танушы жерлесіміз-Еркін Шүкманов. Үшінші томында Абай атамыздың өмірбаяны, оның шығармашылығына ғылыми сипаттама және түпнұсқа Абай өзі қай түпнұсқада қалай жазды мәселен араб тілінде жазылған сол араб тіліндегі түпнұсқасы бірге беріліп отыр.

Тұсауы кесілген екінші кітап- қазақ тілінде алғашқы геологиялық терминдерді жүйелеп, ұлттық ғылымның геология тілін қалыптастырған Қаныш Сәтбаев туралы көлемді еңбек.

ШАҒАНГҮЛ ЖАНАЕВА- М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕД ДИРЕКТОРЫ
Тағы бір таныстырылым бұл енді біздің оқу орынның түлегі, кезінде Абайға арналған өткен ғасырдың басындағы шараларда белсенді араласып, сол шараларды Абайдың атын насихаттаған Қаныш Сәтбаевтың бес томдығының тұсау кесері. Міне осындай тамаша шаралар ұйымдастырылып отыр.

Бұл күні Мұхтар Әуезов атындағы педогогикалық колледж кітапханасы да жаңа кітаптармен толықты. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының делегациясы тұлғалар шығармашылығына қатысты басылымдарды салтанатты түрде тапсырды.

КЕНЖЕХАН МАТЫЖАНОВ-М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Сонымен қоса бүгінгі шараға біз ең алдыменен Қаныш Сәтбаевтың 5 томдық академиялық толық шығармалар жинағын, Ахмет Байтұрсынұлының толық академиялық шығармалар жиынтығын, Мағжанның шығармаларжиынтығын, жалпы осы уақытқа дейін Мұхар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының шыққан қазақ әдебиетімен мәдениетіне өнеріне қатысты еңбектердің біразын алып келдік.

Кітапханалар ұлттың мәдени және ғылыми дамуына үлес қосатын еңбектермен толықты. Игі бастама жас ұрпаққа рухани азық болып, ел тарихын терең танытуға қызмет етеді.


Наргиз Айдын