Абай атындағы театрда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ақын Мерей Қарттың шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында ақынның жаңа кітабының тұсаукесері ұйымдастырылып, ақын шығармашылығынан дайындалған театрландырылған қойылым көрерменге ұсынылды.