Семейде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект кезеңіндегі ұлттық бірлік және тұрақты даму» тақырыбында отырыс өтті. Жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауы талқыланып, жылдам жүріп жатқан цифрлық трансформация жағдайында қоғамдық тұрақтылықты, ұлттық бірлікті арттырудың жолдары талқыланды.