Оқушылардың ғылым мен технология саласына қызығушылығы артып келеді. «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «FIRST» халықаралық байқауының «Abay First Regional 2025» аймақтық кезеңі өтті. Оған еліміздің бірнеше өңірінен 260 оқушы қатысып, өздерінің инновациялық роботтық жобаларын ұсынды. Олар инженерлік ойлау, шығармашылық қабілеттерін сынады.