Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияға 80 жыл. Мерейтойға орай облыс орталығында өнер апталығы басталды. Апталық шымылдығы «Жалғыз арша» республикалық дәстүрлі әншілер байқауымен ашылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен өнерпаздар қатысып жатыр. Оның басты ерекшелігі әнді микрофонсыз айту.