Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мектеп оқушылары мен студенттерге кәсіби бағдар беру, сондай-ақ оларды облыстың ірі кәсіпорындарымен таныстыру бағытындағы ауқымды жұмыс жалғасуда. Кезекті нысан ірі өндіріс орындарының бірі цемент зауыты болды. Мұнда №10 мектептің оқушылары экскурсияға келді.