Семейде Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, жазушы, ағартушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ерекше танымдық басқосу өтті. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған интеллектуалдық квизге қала колледждерінің оқытушылары қатысты.