Қалың қарағайдың құшағындағы Дмитриевка ауылында жаңадан өрт сөндіру бекеті ашылды. Қызыл жалынмен күресте жедел әрекет етуде жаңа бекеттің маңызы ерекше болмақ. Нысанның ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрлігінің, облыс әкімдігінің өкілдерімен қатар жергілікті тұрғындар да қатысты.