Инсульт «жасарып» барады. Дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Неврологтардың айтуынша, инсульттың алғашқы белгілерін уақытында анықтау ауыр зардаптардың алдын алуға көмектеседі. Бұрын бұл ауру 55 жастан асқандарда жиі кездессе, қазір тіпті 20-25 жастағылар да сырқатқа шалдығатын болған.