Облыс әкімі Берік Уәли Аягөз ауданындағы елді-мекендердің жағдайымен танысып, көптің көңілінде жүрген талай мәселеге қанықты. Аймақ басшысы осы жолы барған нысанның бірі - «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» кесенесіне баратын жолдағы көпір. Бұл өткелді бір жыл бұрынғы тасқын су шайып кеткен. Жергілікті тұрғындар мән-жайды жеткізді.