Осы жылдың көктемінде біздің облыс делегациясы Қытай Халық Республикасының Алтай қаласына барып, "Үлкен Алтай" өңірлік экономикалық конференциясына қатысты. Сапар барысында іскерлік кездесулер өтті, оның қорытындысы бойынша біздің өңірдің экономикасын дамытуға бағытталған келісімдер жасалды. Бұл келісімдер тек қағаз жүзінде қалып қоймады, іске асып бүгін Семейде коммуналдық базардың құрылысы басталды.
Базардың құрылысы Жоламан кентінде басталды. Ғимараттың жалпы ауданы 51 мың шаршы метр, құны 15 миллиард теңге. "Қазақстан–Қытай Достық базарының" аумағында заманауи сауда нүктелері, қоймалар, қонақ үй және автовокзал салынады. Бұл инвестициялық жоба мемлекеттер арасындағы достық қатынасты одан әрі дамытуға маңызды рөл атқарады, деп атап өтті облыс әкімі.
БЕРІК УӘЛИ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Семей қалалық коммуналдық базарының салынуы облыс орталығының экономикалық дамуына оң ықпал тигізетіні анық. Бұл өңіріміге сауда инфрақұрылымының жаңғыртудың жаңа қадамы болып кәсіпкерлер үшін жағдай жасап , тұрғындарға қолжетімді бағамен осы сапалы тауар ұсынуға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру сауда көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, ал жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін өз өнімдерін сату үшін тегін сауда орындары ұсынылмақ. Бастама бағаны тұрақтандыруға және халықты қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.
БЕЙСЕН СҮЙІНБАЙ XINYI LTD БАС ДИРЕКТОРЫ
Осы базардың негізгі мақсаты осы жергілікті бағаларды, бағаны тұрақты ұстау үшін және Қытайдан арзан тауарлар әкелуге біз жұмыс істейміз. Осы базарда үйге керек, тұрмысқа керек заттарды бір точкадан алуға мүмкіндік ашылады. Және осы базардың ішінде автовокзал ашылады, яғни ол қасындағы ауылдарға , қалаларға халыққа осы Семей қ келіп сауда жасауға мүмкіндік жасап береміз.
МҰХТАР ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Бұндай көлемде негізі осы Абай облысындағы алғашқы жоба. Бұның ерекшелігі базардың құрылысын салып , жобаны іске асырушылар ҚХР Урумчи қаласындағы ең үлкен базардың иегерлері бастайын деп жатыр. Бұнда ішкі Қытайдан келетін барлық каналдары , барлық бағыттары уже қолданылған, сол каналды әкеліп мүмкіндіктері бар.
Бірінші кезеңде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Толық пайдалануға берілгеннен кейін мұнда 5 мыңға дейін адам жұмыс істейтін болады.