САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстанда жаңа Салық кодексі қабылданды. Құжатқа Мемлекет басшысы қол қойды. Бұл арқылы елдің салық саясатына ауқымды өзгерістер енгізу көзделеді. Кодекс салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге бағытталған. Салықтың есептілік көлемі 30%, ал салық мөлшері 20%-ға қысқарады. Жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылып, камералдық бақылау бойынша жаңа тәсілдер енгізіледі. Кодекс 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Өзгерістер негізгі салықтарға әсер етті. Қосылған құн салығының базалық мөлшерлемесі енді 16% құрайды. Ал дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге төмендетілген мөлшерлемелер енгізіледі. Яғни, 2026 жылдан бастап — 5%, ал 2027 жылдан бастап — 10%. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін ҚҚС алынбайды.

ӘСЕМ ТҰРЛЫБЕКОВА – АБАЙ ОБЛЫСЫ МКД ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұнда негізгі өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету моделіне көшу салықтық әкімшіліктерді цифрландыру қосылған құн салығын реформалау, салалынған салық ставкалары арнайы салық режимдерінің санын, мысалы 7 болған, енді соны үшке қысқартылды.Салық есептіктердің саны 30 пайызға азайды, төлімдердің саны азайды , қаншама ставкалар ,алымдар саны азайып, бұның әрі осы салық төлеушілерге ыңғайлы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға өзінің ықпалын тигізеді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері үшін енді жеке табыс салығы алынбайды. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік шегерім 882 АЕК-тен 5 000-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, зауыттан шыққанына 10 және 20 жылдан асқан көліктерге салық төмендетілді. Және арнайы салық режимдері оңтайландырылды. Қазір оның үш түрі бар: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізінде және фермерлік шаруашылықтар үшін. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мобильді қосымша арқылы төлем жасай алады.

ӘСЕМ ТҰРЛЫБЕКОВА – ӘСЕМ ТҰРЛЫБЕКОВА – АБАЙ ОБЛЫСЫ МКД ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Барлығы қосылған құн салығына ғана назар аударып жатыр 12 пайыздан 16 пайызға көтерілді деп. Дегенмен, көтерілген жағдайда да, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерінің өндіруші заңды тұлғаларға егер де олар бұрын есепке салық соммаларын 70 пайызын жатқызатын болса, енді 80 пайызын жатқызуға ұлғайтылды. Соған байланысты, өнімдердің құны өседі деген негіз осылайша алынып тасталды. Сонымен қатар, қосымша құн салығын төлемейтін тұлғалар да болады, яғни олар арнайы салық режимдерінің түрлеріне байланысты бұл тізімнің барлығын ҚР Үкіметі бекіткеннен кейін қосымша осы тізімді біз жеткізетін боламыз.

Салықтық әкімшілендіру тәсілдеріне ауқымды өзгерістер еңгізіледі. Камералдық бақылау енді ескерту түрінде болады. Салық берешегін өндіріп алу, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетіледі. Берешек сомасы аз болған жағдайда бизнес орындарының шоттары бұғатталмайды. Хабарламалар мен шаралар қарыз мөлшеріне байланысты кезең-кезеңімен қолданылатын болады.


ЕРАСЫЛ КЕНЖЕБЕК