Ал бүгін этноауылда тоғызқұмалақтан қалалық ашық турнир өтті. Ұлттық ойынға 30-ға жуық ойыншы қатысты. Олардың ішінде осалы жоқ. Азияда топ жарған, Әлем Кубогының жүлдегерлері бар. Жарыс 6 тур, Швейцар жүйесімен, рапид түрінен ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысып жатқан ойыншылардың бірі – Малика Әсемханова. Ол ойынның осы түрінен Әлем чемпионатының, Әлем, Азия Кубогының жүлдегері. 17 жас қыздар арасында бірқатар елішілік, халықаралық сайыстарда топ жарған.

МАЛИКА ӘСЕМХАНОВА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ
Осы жарыс мен үшін өте керемет және де қуанышты жағдайлардың бірі болып табылады. Себебі, бұл біздің Абай облысы үшін, Абай Құнанбаевтың даңқын, атағын көтеруге үлесін қосады деп ойлаймын. Қазіргі жарысқа қатысып жатқан қарсыластарым жақсы ойнауда, яғни қарсыластар жақсы деңгейде ойнап жатыр.

Ал Әкежан Рамазанов Ақсуат ауданынан арнайы келіпті. Ол аудандағы спорт мектебінде тоғызқұмалақтан жаттықтырушы. Шәкірт тәрбиелеп жүр. Өзі де Хакім Абай қызығып ойнаған ойыннан алыстағысы жоқ.

ӘКЕЖАН РАМАЗАНОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ
Тоғызқұмалақ спортымен, Абай атамыз ойнаған ұлттық өнерімізбен тұрақты түрде 14 жыл болды айналысып келе жатырмын. Бірнеше облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда Абай облысының, бұрынғы ШҚО намысын қорғадым. Осы жарыста да енді, барымызды саламыз. Барлық қатысушылардың барлығы жоғарғы деңгейде келгенін көрсетіп отыр.

Ұлттың төл ойыны әлемнің 50-ден аса елінде ойналады екен. Бәсеке де мықты. Машық үшін мұндай жарыстар жиі өтуі керек. Ашық турнир ғой. Кім келіп қатысса да, есік ашық. Анау Алматыдан, мынау Қарағандыдан келіпті бақ сынамаққа. Байрақты бәсекелердің жеңімпаздары да осында. Бас-аяғы 30-ға жуық ұлттық ойынның өкілдері ой жарыстыруда.

ЖАРАС ИСАХАНОВ, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Республикалық чемпионаттарда орын алғандар, чемпион болғандар, тек сондай ғана емес, халықаралық жарыстарда Азия чемпионы ойнап жатыр. Әлем Кубогының жүлдегері, сол сияқты мықты ойыншылар қатысып отыр.

ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ, ТІЛШІ
арасында сайыстар ұйымдастырған екен. Өзі де құмартып ойнаған. Тек қана ойнап қоймай, сол заманның түрлі ойыншылармен сынға түсіп, ой жарыстырған. Алғашқы тоғызқұмалақ жарыстарының демеушісі де Хакім Абайдың өзі болған. Хакімнің тастан ойылып жасалған тоғызқұмалақ тақтасы Жидебайдағы музейде тұр.


ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ