Орман және дала өрттерінің алдын алу үшін облыс аумағында іс-шаралар кешені өткізіледі. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 170 адамнан тұратын 38 бірлескен мобильді топ құрылды. Орманды дала алқаптары мен демалыс орындарында 334 бірлескен рейд жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 93 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, солардың ішінде 77 адамға қатысты 4 млн.теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Төтенше қызмет мамандары орман алқаптары мен дала маңындағы елді мекендердің тұрғындарымен, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, шаруа қожалықтарымен дөңгелек үстелдер, жиындар мен нұсқамалар өткізіліп келеді. Алайда, жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарына қарамастан, өрттің көбейгені байқалады.

ӘСЕТ ТҮЙІНБАЕВ –ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ТЖ ДАЙЫНДЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М. А.
Егер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыратын болсақ, орман өрттерінің саны 4,6 есе өсті, ағымдағы жылы – 111, 2024 жылы – 24 жағдай тіркелді. Сондай-ақ, 2 дала өрті тіркелді. Ал 2024 жылдың ұқсас кезеңінде дала өрттері тіркелген жоқ. Дала өрттері 4,4 есе өсті, егер өткен жылы 31 жағдай тіркелген болса, биыл бұл көрсеткіш 139-ға жетіп отыр.

Өрт қауіпі бар кезеңнен қауіпсіз өту мәселесі ерекше бақылауда. Жауапты және мүдделі мемлекеттік органдармен өткен отырыстар мен кеңестерде бұл сұрақ бірнеше рет қаралды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның 4 отырысы, 16 қалалық және аудандық отырыстар мен 1 Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онференция өткізілді.

ӘСЕТ ТҮЙІНБАЕВ –ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ТЖ ДАЙЫНДЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М. А.
Абай облысы прокуратурасының, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінің өкілдерін, сондай-ақ орман шаруашылығы мекемелерінің басшыларын шақыра отырып, өрт қауіпті кезеңнен өтудің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Отырыс қорытындысы бойынша барлық жауапты органдарға міндетті түрде орындау үшін хаттамалық тапсырмалар бекітілді. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органмен елді мекендердің аумақтарын құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қоқыстардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, минералданған жолақтар құрылуда. Бұл іс-шаралар дала өрті орман алқабының аумағына өтуін болдырмау үшін жүргізіледі.

Мәселен, өрт қаупі бар кезең басталғалы 269 елді мекенді тазарту жүргізілді, сондай-ақ ұзындығы 1 707 шақырымды құрайтын минералдандырылған жолақтар құрылды. Сонымен қатар, «Семей орманы» табиғи орман резерватының аумағында «Казавиалесоохрана» мекемесінің құтқарушы-ұшқыштарымен авиатасымалдаулар жүргізілуде. Облыс бойынша шалғайдағы елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық бірлестік нысанында 10 ерікті өртке қарсы құралым жасақталды. 70 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Оларда 75 мамандандырылған техника бар. Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау табиғи өрттердің пайда болу қаупін азайтуға ықпал етеді.


СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ