7 тамызда "Спартак" стадионында ойшылдың мерейтойына орай "Жастықтың оты жалындап " атты жастарға арналған ауқымды гала-концерт өтті. Ашық аспан астында, жанды музыка үнімен мыңдаған көрермен сүйікті әртістерінің өнеріне тәнті болды.
Ұйымдастырушылар "Спартак" стадионын кездейсоқ таңдамады. Семейде бұл соңғы онжылдағы ашық аспан астындағы алғашқы үлкен форматтағы музыка мерекесі. Осы кеште сахнада Қуандық Рахым, Райм, Ермек Меденов, "Илигай" тобы және Ademi өнер көрсетті. Әншілерді көрермен асыға күткен. Кешті Қуат Ахметжанов пен Қырмызы Жандос жүргізді.
ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС — КОНЦЕРТТІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ
Мерейтойлық онкүндік бағдарламасы халықтың барлық тобын қамтыды, жастарға да көңіл бөлінген.
МАРЖАН БАХАТОВА- МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Кештің тосын сыйы "Илигай" тобының Абайдың мерейтойына арнайы дайындаған ерекше музыкалық шығармасы болды. Топ әншісі Ақерке Бүркітбай концертке тыңғылықты дайындық болғанын айтты.
АҚЕРКЕ БҮРКІТБАЙ – «ILIGAI» ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ
Бүгінгі концертке Ұлы Абайдың әндеріне арналған жаңа композиция жазылды. Дайындық жоғары деңгейде өтті, сондықтан семейліктер бізді осындай жылы қабылдап, қарсы алды.
Көрермен әншілермен бірге ән айтып, би биледі, концерттің сәттерін әлеуметтік желілерде бөлісті. Көтеріңкі көңіл, ерекше атмосфера сезілді.
"Жастықтың оты жалындап " концерті мерекелік онкүндіктің жетінші күнінің шарықтау шегі болды, алда көптеген мәдени және танымдық іс-шаралар күтіп тұр. Ұйымдастырушылар қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын алдағы мерекелерге қатысуға шақырады.
ӘСЕЛ АЙДАР