Қазақстан – түрлі этностар бірлікте өмір сүріп жатқан мемлекет. Әр этнос өкілі адал еңбегі арқылы елдің дамуына үлес қосып келеді. Сондай семейліктің бірі анестезиолог-реаниматолог Севда Гамзаева, 13 жылдан бері талай адамның өмірін арашалап жүрген мықты маман. Отандық медицинаның өркендеуіне барын салып жүр.
Севда Гамзаева – Қазақстанда дүниеге келген, осында білім алып, еңбек етіп келе жатқан анестезиолог-реаниматолог. Этносы- әзербайжан. 13 жылдық тәжірибесі бар дәрігер талай адамның өмірін аман алып қалды. Отбасынд төрт апалы-сіңлілі бәрі медицина саласында еңбек етіп, білімін мен тәжірибесін Қазақстан халқының игілігіне арнап келеді.
СЕВДА ГАМЗАЕВА- АНАСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ
Бұл мамандықты мен ғана емес, біздің отбасымыздағы әпкелерім де таңдады. Біз төртеуміз де дәрігерміз, бәріміз де осы елге, халқымызға, науқастарымызға қызмет етіп келеміз. Жауапкершілігіміз жоғары, әрқашан бар білімімізді салып еңбек етеміз. Еңбек өтілім – 13 жыл. Осы уақыт ішінде көптеген адамның өмірін сақтап қалдық. Өйткені реаниматолог ретінде ең ауыр жағдайдағы науқастар әрдайым біздің бөлімде болады. Сол себепті бар күшімізді халық игілігіне жұмсаймыз.
Севда отбасымен екі этностың мәдениетін қатар ұстанады. Әр мереке қазақтың еті мен бауырсағынсыз өтпейді. Қазақтың ұлттық дәмі дастарқанның сәні, ал қазақ әндері – үйдің жылуы, дейді.
СЕВДА ГАМЗАЕВА- АНАСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ
Өз елімді шын жүректен жақсы көремін, құрметтеймін. Маған өмір сыйлаған, мамандық берген, бүгінде барымыздың бәрін берген – Қазақстан. Барлық қазақстандық мерекелерді отбасымызбен атап өтеміз. Үйімізде бауырсақ, наурыз көже дайындалады – бұл біздің ең сүйікті тағамдарымыздың бірі. Ал бешбармақ – тіпті бөлек әңгіме. Сондай-ақ қазақ әндерін тыңдауды да ерекше жақсы көреміз.
Бәріміз Қазақстан республикада тұрамыз. Мен Қазақстан Республикасының азаматы. Қазақстан менің елім.
Севда Гамзаеваның өмір жолы Қазақстандағы әр этностың ортақ Отанға деген адалдығы мен сүйіспеншілігінің жарқын мысалы. Бұл еліміздің басты күші- бірлікте екенінің дәлелі.
Арайлым Алиханова