12 ақпаннан облысымызда «Есептегі тұлға» жедел-алдын алу іс-шаралары басталды. Рейд барысында ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтар тексерілуде. Ондағы мақсат-бұрын полицияның тіркеуінде тұрғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтау және профилактикалық есепке қою. Сонымен қатар азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тексеру.

БАУЫРЖАН САДАҚБАЕВ - АБАЙ ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар атынан профилактикалық және тізімдік есепке алу санаттары бойынша ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында тексерілген адамдар тарапынан қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың қайталап жасалу фактілерінің алдын алып, күнделікті негізде тексеру жоспарлануда. Сонымен қатар учаскелік испекторлар есепке алғандармен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Тәртіп сақшылары есептегілердің үйлерін аралады. 822 адам тексеріліп, 35 заң бұзушылық анықталған. Полиция қызметкерлері қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.

ДОСЖАН НЕСІБЕЛДІ - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ
Қазіргі уақытта Шығыс опорный пункінда учаскелік инспекторлар 12 шартты түрде мерзімнен босатылған есепте тұратын тұлғалар және 12 қорғау нұсқамасы ол отбасылық жан жал тудырғандар бойынша ерекше талап қойылған 3 адам тұлғалар бойынша және пробация есебінде тұратын тұлғаар бойынша тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізіп, олардың әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты бұзбауын талап ету мақсатында профилактика жасап жүр.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы ҚР Ішкі істер министрлігнің жоспарланған кестесі бойынша ақпан айының 20 -на дейін жалғасады.