Қаламызда бағаны тұрақтандыру мақсатында бірнеше бағытта жұмыс атқарылуда. Соның бірі отандық өнім өндірушілердің жәрмеңкесі. Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен демалыс күні Турист қонақүйінің ауданында азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілер қатысты. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен бірге бал, балық сияқты өзге де сұраныс бар өнімдер саудаланды. Жәрмеңке барысын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов бақылап шықты. Абай облысының азық-түлік өндіруетін 20 кәсіпорыны мен көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер ұсынған өнімдерге сұраныс жоғары болды. Қалалықтар бағаның көңілден шығатынын айтып жатты. Өйткені өнім делдалсыз, үстеме баға қосылмай өндірушіден бірден түтынушыға жетті.

Тұрғындардың пікірі:
-Жәрмеңке маған өте ұнап жатыр. Үйімнің жанында, алыс емес. Баға арзан, жұмыртқа алдым, осындай сауда саттық жиі ұйымдастырылса деймін.
-Халыққа жақсы ғой, бағалары жақсы, картоп, морковь, жұмыртқа бар жерде қымбат қой, ризамыз, осындай жиі болса халыққа жақсы ғой. Халық қуана алып жатыр.

Сатушылар саудасы қызды. Баға қолжетімді болғандықтан сұраныс өте жоғары болды. Бұл отандық өнім өндірушілерге де қолдау.

ФАРИДА ШАКИРОВА САТУШЫ
Жәрмеңке жақсы өтіп жатыр, баға халыққа ұнап жатыр, отандық өнімдерді сатып жатырмыз. Мен саудалап жатқан рожки Қостанайда шыққан, май Шемонайхадан, барі отандық өнім, баға барша халыққа ұнауда.

Күріштің келісі 400 тг, қарақұмық 300 тг қант 435 теңгеден сатылды. Өзге де өнімдердің бағасы дүкендерден әлдеқайда төмен болды.

ЖАЛҒАС АЛИМБАЕВ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жәрмеңке бағаны тұрақтандыру және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау үшін жасалып отыр. Көтерме саудамен айналысатын саудагерлер де бар. Ең бірінші мақсат әрине бағаны тұрақтандыру. Түрлі кәсіпорын қатысып отыр, құс фабликалары, ет, жұмыртқа, сүт өнімдері және тұрақтандыру қорының өнімдері де бар. Сәбіз, орамжапырақ, картоп өнімдері көтерме бағамен сатылып жатыр.

Тұрғындар жұмыртқа бағасының дүкендерде шырқап кеткеніне шағымдануда. Ал тұрақтандыру қорының бағасы 520 т. Дегенмен кей сауда орындары әлеуметтік тізімдегі өнімдерді қымбатқа сатып жатыр.

ЖАЛҒАС АЛИМБАЕВ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дүкендерде көптеген заң бұзушылық тіркелуде. 15 пайыздан асыра қосып жатқандар бар, оларды тауып мониторинг жасап, сауда департаментіне хат жазып күресу үстіндеміз. Бағаны тұрақтандыру үшін жасалып отыр.

Кәсіпкерлік бөлімінің өкілі отандық өнім өндірушілер жәрмеңкесін апта сайын ұйымдастыру жоспарланғанын айтты. Қаланың өзге де аудандары, оң жағалау мен сол жағалауда, Қарағайлы ауданын да қамту көзделген.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА