Ұсақ бұзақылық өзекті мәселе, өйткені ол қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке кері әсер етеді. Ұсақ бұзақылық, вандализм фактілері жиілеп тұр. Жыл басынан бері небәрі 2 аптадан артық уақыт ішінде облыс бойынша 79 құқық бұзушы анықталған.
Ұсақ бұзақылық бұл қоғамды, айналасын құрметтемеуді білдіреді. Сол адамдардың мәдениеттілігінің деңгейін көрсетеді. Кеше ғана жасалған жаңа аялдамалар қирап, жаттығу орындары бүлініп қалған жағдайлар қалада жиі байқалады. Тәртіпсіздік әрекеттеріне қарсы шаралар тұрақты қабылданғанымен қоғамдық тәртіпті бұзу азаймай отыр. Вандалдар өздерінің жазасыздығына сенімді және қоғамдық кеңістіктерді жоюды, бүлдіруді жалғастыруда. Жыл басынан бері ғана Абай облысы бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 79 құқық бұзушы анықталды.
АЙДАНА ҚОЗЫБАЕВА ИМИДЖДІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ ІШКІ КОММУНИКАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ МЕДИА-АНАЛИТИКА ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Жыл басынан бастап Абай облысы бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 79 құқық бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының санкциясы жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Президенттің тапсырмасы бойынша биыл вандализм фактілері, қоғамдық және жеке мүлікті бүлдіргені үшін жауапкершілік күшейтілді. Қала тұрғындары ұсақ бұзақылық жағдайлары тек қаланың мүлкін бүлдіріп қана қоймай, қоғамдық орындардағы кері мінез-құлық деп санайды. Олардың айтуынша, құқық бұзушыларға қатысты нақты шаралар қабылдау қажет.
-Бұл адамның тәрбиесіне байланысты. Отбасынан, тәрбиеден басталады. Үйде, мектепте бұл туралы ұдайы, қатаң түрде айту керек. Мұның бәрін жастар жасайды. Сондықтан оларды құқық қорғау органдары да талап етіп, қатаң бақылау болуы керек.
- Ол дұрыс емес ғой.Ол балалар жасөспірімдер кинодан көреді, телефоннан көреді соған еліктиді. Олар әлі жас түсінбейді. Есі бар адам ондай істемейді.
- Біздің Набережная мен Көмірдің асты бар. Жастар сол жерге келеді, түкіреді, қақырады. Темекісін лақтырады, шемішке қалдықтарын лақтырады. Оны жаман деп ойлаймын, өйткені кішкентай балалар бар соны ұстайды көреді. Олай дұрыс емес.
Кез келген құқық бұзушылыққа қарсы күрес қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды қадам. Осыған байланысты, Абай облыстық полиция департаменті облыс тұрғындарын азаматтық ұстаным танытуға, заңды бұзбауға, сондай-ақ кез келген құқық бұзушылықты байқап, шетте қалмауға және бұл туралы "102" - ге хабарлауға шақырады.
Малика Мұхтарова