Елдің негізгі заңын кешенді түрде жаңартуды көздейтін конституциялық реформаны талқылау жалғасуда. Алдағы өзгерістер мемлекеттік құрылымның негізгі қағидаттарына, билік жүйесіне және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу тетіктеріне әсер етеді. Жалпы алғанда, конституциялық реформа азаматтардың мүддесі мен елдің болашағына бағытталған әділетті, заманауи және орнықты құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылуда. Халық кеңесі сияқты жаңа институттарды енгізу қоғам мен билік арасындағы диалогты дамытуға және қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған. Негізгі заңның маңызды ережелерін қамтитын ауқымды конституциялық реформаға байланысты біз болашақ заңгерлердің пікірін сұрадық.