Семей Медицина университетінде студенттер үшін маңызды басқосу өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бос орындар жәрмеңкесі биыл да өз мәнін жоғалтпай, елдегі дәрігер тапшылығын азайтуға бағытталды. Бұл жолы университетке 100-ден астам медициналық ұйым келіп, жас мамандарға өз мүмкіндіктерін таныстырды.