Экология - бүгінгі күннің басты тақырыбы. Семей қаласындағы №31 орта мектепте оқушылар қоршаған ортаны қорғау жайлы тек айтып қана қоймай, нақты әрекет етуде. Білім ордасында жұмыс істейтін экоклуб оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыратын маңызды алаңға айналған.