Еліміздің телевизиялық кеңістігінде ерекше із қалдырған «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін жаңа тыныспен қайта оралды. Бүгін жоба кастингі Семей қаласында өтіп жатыр. Бүгін Алаш аспаны ағыл –тегіл, жаңбырлатып тұр. Бірақ бұл жас таланттарын көңілін түсірмеді, керісінше ерекше шабыт сыйлағандай. Өнерге сенген жүздеген жас өз бағын сынап, үлкен сахнаға жолдама алуға ниетті.