12 сәуір - Ғылым күні. Бұл күн қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен байланысты. Ол – отандық ғылымның негізін қалаған бірегей тұлға.ұлы ғалым алғашқы білімін Семей қаласындағы бұрынғы мұғалімдер семинариясы, бүгінгі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде алған. Дәл осы білім ордасында оның ғылымға деген алғашқы қадамы басталды. Осы орайда, тілішіміз тарихи оқу орнына барып, оның тарихымен танысты.