Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялаған еді. Қазір саланың дамуы қарқынды. Сан түрлі стартап жобалар әзірленіп, бұл бағытқа бет бұрғандардың да қатары артып келеді. Осы ретте мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға бағытталған үздік 10 жобаға Семей қаласы әкімінің грантын табыстау рәсімі өтті.