Абай облысында білім сапасын жақсарту және қала мен ауыл мектептері арасындағы инфрақұрылым алшақтығын азайту мақсатында биыл бірқатар білім ошақтары жаңартылып жатыр. Бұл жұмыстар оқушы орындарының тапшылығын, үш ауысымды оқыту мен апатты жағдайдағы ғимарат мәселесін шешуге бағытталған.
Биыл өңірде 12 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтуде. Оның ішінде: Семейде – 3, Аягөзде – 3, Бесқарағайда – 2, Жаңасемей ауданында – 2 және Үржарда – 2 мектеп. Жөндеу аясында ғимаратардың шатыры, қасбеті, терезе, есік, жылу, су, кәріз және электр жүйелері жаңартылып, кабинеттер заманауи жабдықтармен және жаңа жиһазбен қамтамасыз етіледі.
ДӘУЛЕТ ИЛИЯСОВ- АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Биыл 12 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 5 жоба – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында, ал 9 мектеп – реновация бағдарламасы бойынша жөнделуде. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында биыл облыс мектептеріне жергілікті бюджет есебінен 108 пән кабинеті сатып алынды. Олардың ішінде биология, химия, физика, робототехника және STEM кабинеттері бар. Қазіргі таңда барлық келісімшарттар жасалды, жабдықтарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, облыстың тағы 168 мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның басым бөлігі – 131-і жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған. Мемлекет басшысы қолға алған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы барлық оқушыға тең білім беру жағдайын қалыптастыруды көздейді. Оқу-ағарут министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, «жаңа мектептермен қатар, ескі білім ошақтарын, әсіресе ауылдағы мектептерді де заманауи талапқа сай ету маңызды».
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ- ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Тағы да бір мәселе туындауы мүмкін оны да біз жоспарлап көріп отырмыз, егер біз қазір ескі мектептерді жаңғыртпасақ ондағы оқушылардың жаңа мектептерге көшу , ауысу мәселесі ушығады.Біздің салынып жатқан мектептерде , ол мектептерде келу ағымы көбейгендіктен бұл мәселе тоқтамауы мүмкін. Сондықтан біз , қажетті бірақ ауылдағы шалғайдағы мектептерді де осы Келешек мектептердің деңгейіне жеткізуі бағытында қазір тиісті шаралар қабылдап жатырмыз.
Жаңадан салынып жатқан және күрделі жөндеуден өткен мектептер – балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың өмір сүру ортасын да түбегейлі өзгертетін жаңа мүмкіндік.
Арайлым Алиханова