Жалпы, бізде демалу мәдениеті әлі де болса төмен екені жасырын емес. Мәселен, Шүлбі су қоймасының оң жағалауы құмдауыт, жасыл желекпен көмкеріліп тұр. ұнда демалушылар да көп келеді. Өкініштісі сол, демалуға келгендер тазалық сақтамайды. Қоқыстарын қалдырып, оңды – солды шашып кетеді. «Семей орманы» мекемесінің қызметкерлері мен еріктілер, жасыл елдік жастар «Таза Қазақстан» акциясы аясында су қоймасының жағалауына кезекті рет тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл - Шүлбі су қоймасының сол жағалауы. Мынау суға шомылуға, күнге қыздырынуға келгендердің тастап кеткен қоқысы. Орманның ішіне ене берсеңіз, қоқыстың неше түрін көре бересіз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары кезекті рет өтті.
КАУСАР РАМАЗАНОВ, «СЕМЕЙ ОРМАНЫ» МОТР» РММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Бұл өте үлкенді, масштабты акция. Бұл акцияға 100-ге жуық «Семей орманы» жұмысшылары, Бородулиха ауданының еріктілері қатысып жатыр. Бүгінгі күні 10 тоннаға жуық қоқыс тазаланып, шығарылды.
«Семей орманы» мекемесінің Новошульба және Бородулиха филиалдарының орманшылары мұнда тазалық жұмыстарын жиі жүргізеді. Алайда, келушілер арасында демалу мәдениеті әлі де болса төмен.
АСХАТ СӘРСЕМБАЕВ, «СЕМЕЙ ОРМАНЫ» МОТР» РММ ДМИТРИЕВКА ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ
Осындай демалатын жерлердің бәрін, елдер көп енді шашып кететін. Соның бәрін жинап - теріп артынан, тазалап. Орман іші таза тұрғаны жақсы ғой негізі. Елдер келсе де риза болады. Енді апта сайын тазаланады ғой. Сөздің шыны керек, мусоркаларға толтырады. Маңайын тазалайды. Апта сайын ғой, апта сайын.
«Таза Қазақстан»- жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде бұл шараға ерікті жастар, ұстаздар қауымы да атсалысуда. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
ДИЛЯРА НҰРСЕЙІТ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Біз Бородулиха ауданы «Жасыл ел» жасағынан келіп тұрмыз. Біз осы «Жасыл елмен» «Таза Қазақстан» акциясына қатысып тұрмыз. Әр адам тазалықты өзінен бастауы керек. Біз «Семей орманына» келіп, «Таза Қазақстанға» көмек көрсетіп, осы орманды тазалауға қол ұшымызды созып жатырмыз.
НАТАЛЬЯ ХОДЖАНИЯЗОВА, БОРОВЛЯНКА НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Бүгін мен мұғалімдеріммен, жалпы 8 адам Шүлбі су қоймасын тазалауға қатыстық. Менің ойымша, экологиялық мәдениет – бұл өте маңызды. Бұл табиғи ресурстардың құндылығын және маңыздылығын түсінетін, өркениетті қоғамның бір көрсеткіші болып табылады».
Тазалық сақтау – жауапкершіліктің белгісі. Демалуға келген әрбір адам осыны түсінсе. Сонда ғана демалу мәдениеті қалыптасады.
Ерзат Жанатұлы