Дәрігер – адам өмірінің арашашысы. Қиын сәтте табылып, науқас саулығы үшін уақытын да, күшін де аямайтын адал азамат. Сондай ақ халатты абзал жанның бірі - Имдат Эфендиев. Еліме қызмет ету парызым, дейді ол.
Имдат Мұсаұлы 35 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. «Ортақ республикамызға адал қызмет ету – басты парызым», - дейді дәрігер. Әзербайжан этносы өкілінің әр таңы елге қызмет етуден басталады. Көптеген жылдар бойы халық саулығы үшін талмай еңбек еткен маман тек бірліктің арқасында жетістікке жетуге болатынын айтады.
ИМДАТ ЭФЕНДИЕВ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС ИНФЕКЦИОНИСТІ
Қазақстан біртұтас, үлкен және тату отбасы. Бұл мекен барлығы үшін жайлы. Мұны айтып отырған себебім, мен өзге де елдерде болдым, ол жердегі басқа ұлттарға деген көзқарасты көрдім. Ал бізде ондай жоқ. Мен кәсіби маман ретінде кез-келген науқас, балалар, ересектер үшін бәрін жасаймын. Бізде ересектер бөлімі де бар. Мен бас маман болғандықтан, аймақтың басқа аудандарынан да келеді. Мәселен, бүгін Үржар, Абай ауданыдарынан келгендер бар. Мен әрқашан байланыстамын және көмектесуге әзірмін. Науқастың халі ауыр ауыр болса осында алып келіп, емдейміз.
Талай дерттің алдын алып, мыңдаған науқастың өмірін сақтап қалған ол медицинаға деген құштарлықтың ерте оянғанын айтады. Дәрігер студенттік кезеңде-ақ аурухананың қарбалас өміріне араласып, әріптестеріне қолғабыс болған.
ИМДАТ ЭФЕНДИЕВ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС ИНФЕКЦИОНИСТІ
1990 жылдан бастап Педиатрия факультетін бітіргеннен кейін осы ауруханада және балалар жұқпалы аурулары кафедрасында жұмыс істеймін. 1994 жылы Алматыда кандидаттық диссертация қорғадым. Кейінірек көптеген жылдан бері балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етіп келем.
Тәжірибелі маманның отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуда еңбегі ерен. Бүгінде ол болашақ дәрігерлерге ұстаздық қызметті де қатар алып жүр. Дәрігер шәкірт тәрбиелеп, білгенімен бөлісуден еш таянған емес. Оның кәсіби көзқарасы, адамгершілігі мен табандылығы көпке үлгі.