Біздің облыстағы тағы бір «Келешек мектебі» осы жылдың қыркүйек айында өз есігін айқара ашады. «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынған Водный кентіндегі жаңа мектепте бүгін ата-аналар мен балаларға арналған Ашық есік күні өтті. Олар мектепті аралап көрді.

Водный кентіндегі жаңа мектеп 600 оқушыға арналған. Бұл «Келешек мектебі» жобасы бойынша Абай облысындағы үшінші және Семей қаласындағы екінші мектеп. Онда 28 оқу кабинеті, 2 спорт залы, акт залы, асхана, хореография залы, мамандандырылған пәндік өзшге де кабинеттер бар. Ашық есік күніне ата-аналар мен оқушылар жиналды. Олар мектепті аралап көріп, оқу кабинеттерімен танысты. Мектеп оқушыға қажетті барлық құралдармен толық қамтамасыз етілген.

ДӘУЛЕТ ИЛЬЯСОВ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осы келешек мектептері аясында осы Шығыс , Водный кенттерінде екі мектеп жоспарланып отыр. Осы Водный поселкынде тұратын балалар 34 мектепте оқыған. Ата-аналарға үй жағынан біраз алашақтау сондықтан Водный кентінде осы мектепті салу шешімі қабылданған.

Әр сынып интерактивті тақталармен және компьютерлік техникамен жабдықталған. Сонымен қатар, мультимедиялық кабинеттер, робототехника және 3D модельдеу үйірмелері балалардың цифрлық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар жаңа, қызықты және тиімді форматта сапалы білім алады. Бүгінгі ашық есік күніне келушілер жаңа білім ордасынан ерекше әсерде болды.

Мектепте балалардың спорт пен шығармашылық тұрғыдан дамуына толық жағдай жасалған. Спорт залы кең, хореография және гимнастика залдары бар. Аружан Сайлауханова биыл 9 сыныпты осы заманауи білім ұясында оқитынына қуанышты.

"Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында облыста барлығы 5 мектеп салу жоспарлануда. Оның 2-уі іске қосылды: бұл Қарағайлы шағын ауданындағы және Бесқарағай ауданындағы мектептер. Ал Водный ауылындағы мектеп жаңа оқу жылында есігін айқара ашады.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА