Қарттық шақ- жайлылық пен жан жылуын қажет ететін кезең. Біздің қалада егде жастағы азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтар жұмыс істейді. Мұнда зейнеткерлердің белсенді өмір сүруіне барлық жағдай жасалған.

№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы егде жастағы және мүгедекті бар азаматтарға медициналық, мәдени, психологиялық қызмет көрсетеді. Орталық күндізгі бөлімде 80, үйден қызмет көрсету бойынша 1200 адамды қамтып отыр. Бұл жер зейнеткерлердің екінші үйіндей. Мұнда олар уақытын мәнді өткізіп, жаңа достар табады. Осы орталыққа қуана келетіндердің бірі - Эльза Балахнина.

ЭЛЬЗА БАЛАХНИНА- ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бізге көрсетілетін қамқорлық – үлкен бақыт. Мемлекетіміз қарт адамдарға уақыт бөліп, көңіл аударатынының өзі қуантады. Ықылас пен назар – ол да бір дәрі сияқты. Сонда денсаулығыңа байланысты уайым да азаяды, уақытың да қызықты өтеді. Мұнда массаж да жасалады, еңбек терапиясы да бар, скандинавиялық жүріс, ән айту, би билеу – бәрі бар. Қажетті дүниенің бәрі бізде жеткілікті.

Мұнда әркім өзіне жақын іспен айналысады. Тігін тігеді, ән айтады, би билеп, көңіл сергітеді.

ЭЛЬЗА БАЛАХНИНА- ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Біз мұнда бір үлкен отбасы сияқты өмір сүреміз. Кейбір адамдар бұрын ашылып сөйлей алмаса да, бұл жерде еркін болып, ойын айта бастайды. Өйткені мұнда бәрі еркін, бәрі жайлы, көңілге өте жағымды.

Мұндай орталықтар -зейнет жастағы адамдарға тек күтім мен қамқорлық қана емес, жаңа достар тауып, өмірге деген қызығушылықты қайта оятуға мүмкіндік береді.


Арайлым Алиханова