Абай облысының бақылау басқармасы Семейдегі жиырма төрт тұрғын үй кешенінің тізімін жариялады. Ол үйлерде бірқатар кемшіліктер бар. Кейбірі бұрын қолданылған материалдарды пайдаланғаны белгілі болған.
Абай облысының бақылау басқармасы сәулет және құрылыс саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады. Ведомство құрылыс-монтаждау жұмыстары мен нысандарды жобалауға лицензиялар береді. Сарапшыларды аттестаттаудан өткізеді. Облыс тұрғындарынан түскен өтініштердің негізінде бақылау басқармасы Семей қаласының бірқатар тұрғын үй кешендеріне тексеру жүргізді. Нәтижесінде мекеменің ресми сайтында пәтер сатып алуға кеңес берілмейтін үйлердің тізімі жарияланды.
ШЫҢҒЫС АМАНЖОЛОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Негізгі кемшіліктер бойынша айтсам, бұл құрылыс, бекітілген жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқу, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламай, авторлық және техникалық қадағалаусыз құрылысты жүргізу. Бұрынғы пайдаланылған құрылыс материалдарын пайдалану. Бұл біз анықтаған негізгі жайттар. Сондай-ақ нысанды қабылдау актісінсіз пайдаланған бірнеше жағдай тіркелді.
9 тұрғын үй кешенінің құрылысы бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейді. Рұқсат қағазынсыз 15 құрылыс нысаны салынған. Сондай-ақ, «ескі» материалдарды пайдалану фактілері анықталып отыр.
ШЫҢҒЫС АМАНЖОЛОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Айта кету керек, «заңсыз құрылыс» және «рұқсатсыз жасалған құрылыс» ұғымы бар. Бұл әртүрлі ұғым. Яғни, бұл көппәтерлі тұрғын үйге арналған жер учаскесі болмаса оны заңсыз құрылыс деп санаймыз. Ал өз еркімен жасалған құрылыс кезінде жер болады, бірақ нақты құжаттар жоқ. Бұл сараптама, эскиздік жобаның сәулет органдарымен келісуі және бастапқы рұқсат қағаздарының болмауына қатысты.
Талапқа сай келмейтін кейбір нысандарды бұзу туралы шешім қабылданды. Қазір тиісті сот процестері жүріп жатыр. Алайда «ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға байланысты олардың мекен-жайлары жарияланбайды. Басқрма басшысы үлестік құрылысқа тыйым салынғанын еске салды. Яғни, тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша салып, әлі аяқталмаған үйде пәтер сатып алудың қажеті жоқ. Өйткені нысанда заң бұзушылықтар анықталуы мүмкін. Мұндай жағдайда азамат баспанасын да ақшасын да жоғалтады.
РҮСТЕМ ҚАЙРАТҰЛЫ