Қазақстанды 2025 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында инновациялық бизнеспен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің қатарын арттыру міндеті қойылды. Осының аясында инновациялық экожүйе қалыптастырып, бизнесті инкубациялау жобасы жүзеге асырылатын болады. Семей қаласындағы стартаптарды қолдайтын бизнес-инкубатор жобасы наурыз айында басталады.

Қала тұрғындарының 87 000- нан астамы жастар. Яғни, 14 пен 35 жас аралығындағы тұрғындар. Осы жас санатындағылардың бизнес идеяларын жүзеге асыруға мемлекеттен қолдау көп. Мәселен, бизнес инкубаторды іске асыруға биыл қаламызда 3 млн. тг қаражат бөлінген. Жобаға қатысам деушілер наурыз айынан бастап өз өтініштері мен жобаларын ұсына алады. Бұл ретте жобаға сәйкес тиісті көмек алуға құқылы.

НҰРЖАН ЕСЕНЖОЛОВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Семей қаласының жастары осы Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовпен кездесіп жаңа тың идеяларын бөліскен болатын. Соныі ішіндегі ең бір бастысы бұл бизнес инкубаторды құру. Яғни, қазіргі таңда жастардың көбі әр салада түрлі кәсіппен айналысады. Бірақ, нақты оны іске асыру жолы, қалай өз бизнесін бастауға болады, гранттарды ұту, кредиттау сияқты мәселелер көп. Соған байланысты белгілі бір бизнес инкубаотрды құру деген ұсыныс болды. Сондықтан әкім ол ұсынысты қолдап, бизнес инкубаторды іске асыру бойынша жылдық жобаға тиісті қаражат бөлді. Биыл наурыз айында біз осы жобаны бастауға дайынбыз.

Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Себебі іс-шараның мақсаты - жастарды жігерлендіру, ынталандыру және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

НҰРЖАН ЕСЕНЖОЛОВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бұл бизнес инкубаторда жастар өздерінің идеяларымен келеді. Біздің қызметіміз оларға осы бизнес жобаларды жазу, оларды қорғау, тиісті гранттарды ұту және осы жастарға жеңілдігі бар кредитттарды қалай ұтып алу керек деген сияқты бизнес тренингтарды өткізу, үйрету. Ең аяғында бизнес инкубатор жобасының нәтижесі ретінде кем дегенде 5-10 жобаны дайын түрде алып шығару. Яғни, белгілі бір жастар келіп, өздерінің бизнес идеяларын айтады. Біз оларға жобаны қалай қорғау керек, қалай грант ұту керек бәрін үйретіп, аяғында осы жоба іске асып кету керек. Басты мақсат осы.

Шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың негізгі қозғаушы күші екені белгілі. Бизнес дамыған жерде табыс та, өнім де, жұмыс та болады.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ